Алматы ПД басшысы: Бізге қаруды тастап, берілуді ұсынды

842

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов интернет басылымдардың бірінің журналистіне берген сұхбатында содырлар Алматы ПД-нің ғимаратына басып кіруге әрекет жасамас бұрын тәртіп сақшылардан қаруды тастап, берілуді талап еткенін, бірақ оған қарсылық білдіргенін айтты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

– 5 қаңтар күні кешке алаңда болған кейбір содырлардың жеті қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, әскери қару-жарақ алғаны жайында, бұл – тек Алматыда 1387 бірлік аңшылық, травматикалық қару ұрланғаны туралы жедел ақпарат түсе бастады. Олардың өз қарулары болғанын да жоққа шығармаймын. Шамамен осы уақытта, қаруланған және дайындығы бар бірнеше топтың департаменттің әкімшілік ғимараты мен қаланың әр жеріндегі полиция басқармаларына шабуыл жасауға ниеті бар екендігі жедел ақпарат көздерінен белгілі болды. Олардың мақсаты қару-жарақ арсеналдарын басып алу болды. Бұл туралы бірден ІІМ Ерлан Тұрғымбаевқа хабарланды. Елордада полиция ғимараттарын қорғаудың арнайы жоспарын дереу қолданысқа енгізу туралы шешім қабылданды және кейінірек белгілі болғандай, бұл шара шынымен де дер кезінде жасалған, – деді Қанат Таймерденов.

Спикердің айтуынша, ғимараттарда қару-жарақтың ірі арсеналы болғандықтан, ең алдымен төтеп беру маңызды болды.

– Мен барлық полиция бөлімшелерінің басшыларымен хабарласып, ықтимал шабуылдарға дайын болуы үшін олар мен олардың жеке құрамы орындарына орнығуына бұйрық бердім. Расымен де, кешкі сағат жетілер шамасында қарулы адамдар біздің ғимаратқа жинала бастады. Алғашында қорқытулар, берілуді талап етулер болды. Бірақ біз берілуден бас тартқаннан кейін, шабуыл әрекеттері басталды. Түнде бір ғана департамент ғимаратына 27 шабуыл жасалғанын айтып өттік. Таңға жуық бізге көмек керек болды. Түнгі үш-төрт шамасында бізде оқ-дәрілер таусыла бастады. Біз бұл туралы министрге хабарлағанымызда, ол Ұлттық ұланға бұйрық беріп, броньдалған арнайы көлікпен олар бізге қарай кіріп, оқ-дәрілерді жеткізіп үлгерді. Ол кезде біз мұның қаншалықты тез аяқталатынын түсінбедік, – деді, Таймерденов.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -