Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

1267
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз қаласының әскери госпиталінің медицина қызметкерлері гарнизондағы әскери бөлімдердің жеке құрамына COVID-19 дертіне қарсы ревакцианция жүргізуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазіргі таңда қарқынды жұмыс кестесі аясында гарнизондағы әскери қызметшілердің  70% қайта вакцина салдырды.

Айта кетейік, екпе салу науқаны ел президентінің халыққа ревакцинация науқанын жүргізу жөніндегі жоспарлы тапсырмасына сай жүргізілуде. Осы орайда, Аягөз гарнизоны госпиталінің  әскери медицина қызметкерлері бөлім әскери қызметшілеріне қажетті тексеру жағдайды жасай отырып екпе жұмыстарын жүргізуде.

Алғашқы кезеңіндей вакцина салу алдында әрбір әскери қызметшіден барлық медициналық тексерулер мен әңгімесулер өткізілуде. Әскери дәрігерлер тарапынан Отан қорғаушыларға вакцина алудың артықшылықтары мен қоғау үшін маңыздылығы түсіндірілуде.

– Ревакцинацияның маңызы зор екенін айтқым келеді. Жалпы екпе салу алдымен өзімізбен отбасымыздың және ортадағы адамдардың дендерінің саулығы үшін қажет. Қазіргі кезде Аягөз гарнизондағы  эпидахуал жақсарып келеді, - деді Аягөз гарнизонының әскери госпиталь бастығы медицина подполковнигі Дулат Мергенбаев.

Бүгінде, қаламыздағы ел тыныштығын  қамтамасыз ететін  әскери бөлімдер орналасқан жерлерде медициналық қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылған. Әскери дәрігерлер жеке құрамның денсаулығына баса назар аударып, ұжымдық саулықты жіті қадағалауда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -