«Алтыналмас АК» АҚ қызметкерлердің еңбекақысын арттырады

961

2019 жылдан бастап жыл сайын компания Қазақстанның еңбек нарығының еңбекақыларына шолуларға қатысады. Тау-кен өндіру секторындағы тиісті көрсеткіштер мен инфляция деңгейі өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу деңгейі үшін бағдар болып табылады. 

Салыстырмалы талдау деректері негізінде компания басшылығы «Алтыналмас АК» АҚ жұмыс істеп тұрған барлық өндірістік алаңдарында еңбекақыларды кезең-кезеңімен дифференциалды қайта қарауға шешім қабылдады.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірінші кезекте, операциялық персоналдың (жұмысшы кәсіптер мен қатардағы мамандар) жалақысы 10% – дан 30% - ға дейін арттырылады. Бұл ретте қолданыстағы жалақы деңгейі еңбекақы төлеудің салалық көрсеткіштерінен төмен болған қызметкерлерде жалақының өсуі жоғары болады.

Компания тұрақты негізде елдегі макроэкономикалық жағдайды зерттейді, жалақының бәсекеге қабілеттілігіне талдау жүргізеді және, қажет болған жағдайда, қызметтің өндірістік және қаржылық нәтижелерін ескере отырып, еңбекақы деңгейін түзетеді.

«Пандемиядан туындаған қиындықтарға қарамастан, біз компания қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруды жалғастыруға кезекті рет шешім қабылдадық. Бұл біздің қатысатын өңірлерді қолдаумен қатар, әлеуметтік қызметіміздің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады» «Алтыналмас АК» АҚ Президенті – Басқарма Төрағасы Дияр Қанашев
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -