Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-да сөз сөйледі

613

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Венаға жұмыс сапарын аяқтады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сапар барысында ҚР СІМ басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстандағы қаңтар айындағы оқиғалар туралы брифинг өткізді.

Ол ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің өкілдерін болған оқиғаның себептері, терроризмге қарсы операцияның нәтижелері, ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясы туралы хабардар етті.

Қазіргі уақытта елдегі жағдай толығымен тұрақтанғанын және Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатын жалғастырып, барлық халықаралық міндеттемелерін ұстанатынын ерекше атап өтті.

Министр сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған ҚР Үкіметінің алдына қойған елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі міндеттері, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатқан саяси реформалардың жаңа пакеті туралы хабардар етті.

Сапар аясында М.Тілеуберді ЕҚЫҰ басшылығымен - Бас хатшы Хельга Шмид, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Маттео Мекаччи, ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейро, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Маргарета Седерфельтпен екіжақты кездесулер өткізді.

Тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылап, Мемлекет басшысының жаңа реформалары аясында одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын белгіледі.

ҚР СІМ басшысы Аустрияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрі Александр Шалленбергпен екіжақты кездесу өткізді.

Олар өзара ынтымақтастықты нығайту бойынша алдағы қадамдарды талқылады. Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын ескере отырып, биылғы жылы өтетін іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Тараптар екіжақты шарт-құқықтық базаны кеңейту туралы уағдаласты. Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер аустриялық және шетелдік БАҚ үшін бірлескен баспасөз конференциясын өткізді. Оған қоса, М. Тілеуберді аустриялық және еуропалық журналистер үшін жеке брифинг өткізді.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -