Салық кодексіне қоймалар бойынша енгізілген түзету халық үшін қолайсыздықты жояды

949

Қоймаларға салық салынады. Өткен жылдың соңында бұл жаңалық қазақстандықтарды таң қалдырды. Бұл норманы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Салықтық реттеу мәселесін дұрыс түсіну қажет. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін меншік құқығында тіркелген қоймалары бар жеке тұлғалар жыл сайын өз бетінше есептеуге, Мемлекеттік кіріс органына баруға және жеке салық декларациясын тапсыруға міндетті болған.  
Қоймалар бойынша Салық кодексіне түзетулер енгізу халық үшін бұл қолайсыздықты жояды. 
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ салық салу мақсаттары үшін осындай қоймалар бойынша Бағалау құны жөніндегі мәліметтерді беретін болады, ал мүлік салығын есептеуді МКК осы құн негізінде жүргізеді және пәтерлердің мүлік салығымен бірге хабарлама жіберетін болады. Яғни, бір хабарламаға салықтың барлық сомасы енгізіледі", - деді спикер.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -