Қазақстан Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Короліне сенім грамоталарын тапсырды

1035

Рабат қаласындағы резиденциясымен Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі алғашқы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мұхаммед VI сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Король сарайында табыс ету рәсімі барысында отандық дипломат Марокко Короліне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан тарапының Мароккомен екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Мұхаммед VI Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, қазақ елін сенімді әрі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Марокко Королі Елшіні қызметінің ресми басталуымен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -