Елорда әкімі 2022 жылы ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды

967

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 биыл аяқталатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Елордада жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынатынын, ал жылыту маусымы шамамен 7 айға созылатынын ескерсек, жылу энергиясының қуатын арттыру қажет. ЖЭО-3 құрылысы – 10 жыл бұрын басталған қаланың ұзақ құрылыстарының бірі. Былтыр біз ЖЭО-3 құрылысын қайта бастадық.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет нысан құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді. Бүгін аралау барысында ЖЭО-3 құрылыс-монтаждау жұмысымен таныстым.

Мердігерге биыл ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырдым. Келесі жылыту маусымының басында (2022 жылдың күзі) ЖЭО-3 қуаттылығы сағатына 240 гигакалорияны құрайды. Ал 2023 жылдың қаңтарында – сағатына 360 гигакалория (440 Гкал/сағ дейін). ЖЭО қуаттылығы 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, үш газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Олардың қуаттылығы сағатына 1600 гигакалорияны құрайды, бұл ЖЭО-3 қуатынан 3,5 еседен аса көп. Осылайша газ қазандықтары 22 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді қосымша жылытуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, қолданыстағы жылу электр орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді: ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды, сол сияқты қаланы газдандыру бойынша жұмыстар ары қарай да жүріп жатыр», – деп жазды елорда әкімі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -