Ақтаудағы теңіз жаяу әскерлерінде қарағандылық егіздер қызмет атқарып жүр. Көктемде әскер қатарына шақырылған ағайынды Ілияс пен Диас Зұлхарнайлар танк ротасында механик-жүргізуші болып бірге қызмет етуде. Әскери құрылым оларды ажыратпас үшін осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Сырт келбетіне қарап оларды ажырату қиын. Әсіресе, әскери киімде. Қимыл-қозғалысы, іс-әрекеттері барлығы бірдей.
Тіпті егіз¬дердің төсектері де, саптағы орындары да қатар. Екеуі де бала кездерінен спортпен белсенді шұғылданып, 2019 жылы Қарағанды қаласында грэпплингтен өткен халықаралық турнирде жеңімпаздар атанған. Әскерде де егіз спортшылар өздерін жақсы жағынан танытып жүр. Жауынгерлік өмірдің қыр-сырын тез меңгеріп, Отанға деген патриоттық рухымен егіздер қарулас достарына үлгі.
Алдағы уақытта егіздер келісімшарт негізінде әскери салада қызмет етуге ниетті. Өйткені, дәл Ілияс пен Диас тәрізді, Отан мен Міндет те егіз ұғымдар екені анық.