Ахмет Байтұрсынұылының 150 жылдық мерейтойы

19591

Ахмет Байтұрсынұлы  1872 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ахмет Байтұрсынұлы - ұлы түрколог, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы,  педагог, аудармашы, публицист, қазақтың ақыны, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,  қазақ халқының 20-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы   жетекшілерінің бірі, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет  Байтұрсынұлы Торғай уезінде (қаласында) 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін, Орынбор қаласындағы   4 жылдық мектепті бітіреді. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы,  Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.

1913–1918 жылдары  тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетінің бас редакторы болды.  

1919 жылы Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды.  А. Байтұрсынұлы 1919 жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.

1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.

1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты профессор қызметіне ауысты.

1929 жылдан бастап саяси қуғынға ұшырады. 

Ғылыми еңбектері: Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық жазудың реформаторы, 1910-1912 жылдары қазақ жерінде сауатсыздықты жою үшін араб жазуының қолайлы емес тұстарын түзеп, қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, «төте жазу» әліпбиін құрастырды. Әліпби араб жазуы негізінде жасалды, 24 таңбадан, 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жартылай дауысты дыбыстан тұрды.  Төте жазу әліпбиі 1913 жылдан бастап 1929 жылға дейін мұсылман мектептерінде, кеңестік мектептерде қолданылған. Қазіргі уақытқа дейін қытай қазақтары  төте жазуды қолданады. Төте жазу әліпбиінің әдістемесі ретінде «Оқу құралы» тұңғыш кітабын жазған.

А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» оқулығы  – қазақ тіл білімі салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Ахметтің  зор еңбегінің бірі – терминдерді жасауы. Қазақ тіл білімінде  қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы – ғалымның жазып кеткен мұрасы. 

«Әдебиет танытқыш» зерттеуі – қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. 

Әдебиет танытқыш» – Ахмет Байтұрсынұлының эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. А. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады

Әдеби шығармалары. Ахмет Байтұрсынұлының шығармалар жинағы «Қырық мысал», «Маса», негізгі идеясы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. А. Байтұрсынұлы орыс акындары А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, С.Я. Надсон, француз ақыны Ф.Вольтер өлеңдерін қазақ тіліне  аударды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -