ТЖМ құтқарушылары орға құлаған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қостанай қаласының Қонай шағын ауданында 1994 ж. т. ер адам тереңдігі 2 метр, ені шамамен 1,2 метр болатын орға құлап кеткен.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, жағдайды бағалағаннан кейін құтқару операциясын бастады. Олар ер адамды топырақтың астынан абайлап шығарып, арқанның көмегімен жер бетіне көтерді.
Жәбірленушіні Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері қарап шықты. Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттері арқасында ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды.