Сенаторлар БАҚ өкілдерімен кездесті

7260

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бейбіт Исабаев пен Нұртөре Жүсіп Алматыда жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жиын барысында «Қазақ газеттері» ЖШС басшысы Шәмші Паттеев БАҚ жұмысындағы ашықтық туралы өз ұсыныстарын жеткізді. «Ақжелкен» журналының редакторы Есей Жеңісұлы мемлекеттік тапсырысты бөлу мәселесін көтерді.

Кездесуге сондай-ақ «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Сраил Смаил «Қазақ радиосы» Алматы бөлімшесінің басшысы Бақыт Жағыпарұлы, «Алматы Ақшамы» газетінің бас редакторы Төрехан Данияр, «Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары Қаракөз Смаділ қатысып, нақты ұсыныстар айтты.

Сенаторлар журналистер тарапынан айтылған ұсыныстарды зерделеп, бақылауда ұстайтындарын  жеткізді. Қатысушылар  осындай кездесулерді жиі өткізетін болып келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -