Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша рәсімдер басталды

8459

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кандидаттарын іріктеу бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров ашты. Жиынға азаматтық қоғам өкілдерінен арнайы жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттар мен министрлік өкілдері қатысты.

А.Омаровтың ұсынысы бойынша дауыс беру арқылы жұмыс тобының мүшесі болуға ұсыныс білдірген азаматтық қоғамның барлық 7 өкілі кірді: Ш.А.Пулатов, М.М.Еспенова, А.Б.Бесен, М.Ермағанбетұлы, М.С.Махметова, Е.Н.Митрофанова, И.И.Сафаргалиев.

Осылайша, жұмыс тобының құрамындағы Министрлік өкілдерінің саны 3-тен 2-ге (Ж.Ахметов, Қ.Жұмашев) дейін азайды.

Отырыс барысында жұмыс тобы ашық дауыс беру арқылы сайланатын Қоғамдық кеңестің басшысын сайлады және оның сандық құрамын анықтады. Жұмыс тобының жетекшісі болып қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Пулатов Шерзод Аббозович көпшіліктің дауыс беруі арқылы сайланып; 30 мүшеден тұратын максималды сандық құрам анықталды.

Аталмыш бағыт бойынша, бұдан арғы жұмысты жұмыс тобы айқындайтын болады және қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының келесі отырысын 2022 жылғы сәуір айының ортасында өткізу жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -