Нұр-Сұлтан қаласында «МИИР ВЕЛОЖАРЫС – 2022» велошеруі өтті

1628

Қызметкерлеріне арналған спорттық іс-шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Елорданың «жасыл белдеуінің» велосипед аймағында өткен велошеруге 200-ге жуық адам қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінді. Атап айтқанда, сайысқа қатысушылар «40 жасқа дейін», «40-тан 50 жасқа дейін» және «50 жастан жоғары» категориялары бойынша іріктелді.

Ерлер үшін қашықтық 20 шақырымды құрады. Олар «Ипподром маңындағы велосипед аймағы – Қарқаралы тас жолы – Ильинка кенті маңындағы велосипед аймағы» бағытында жүріп өтті. Ал, әйелдер вело аймақта 3 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Іс-шараны ҚР ИИДМ басшысы бастап берді. Ол әділ төрешілікке сенім білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетерлігі, министрлік басшысы мен вице-министрлер әріптестерін қолдау мақсатында велошеруге жарыстан тыс қатысып, 20 шақырымдық жолды жүріп өтті.

«Аталған спорттық іс-шараны ұйымдастыру жоспарымызда бұрыннан болатын. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жарыстың әділ өтетініне сенімдімін. Мұндай спорттық жарыстар ұжымның ұйымшылдығын арттырып, қызметкерлеріміздің денсаулығын нығайтады. Қазақта «Шынықсаң, шымыр боларсың» деген жақсы сөз бар. Сондықтан әрқашан салауатты өмір салтын сақтап жүрейік»,— деді министр Қайырбек Өскенбаев.

 Велосипед тебу маусымының ашылуы мен Қазақстандағы Балалар жылына орайластырылып ұйымдастырылған шара ҚР ИИДМ қызметкерлерінің ұжымдық рухын нығайтуға бағытталған. Спорттық бәсеке түрінде өткізілген сайыс қорытындысы бойынша әр топтан үздік атанғандар анықталды.

Осылайша, ерлер арасында өз категориялары бойынша І орынға Ильяс Оспанов, Нұрлан Жүнісов, Алекжан Молдыбаев шықса, ІІ орынды Ерлан Оспанов, Нұрбек Джартыбаев, Абдуллах Абишев иеленді. Жүлделі ІІІ орында Даулет Мейрамов, Нұрлан Самамбетов, Ержан Окумбаев тұрақтады.

Әйелдер арасында І орынды Перизат Нұрманова, Жазира Акбердиева, Лаура Садықова иеленсе, жүлделі ІІ орынды Жұлдыз Иманбаева, Саулеш Бексултанова және Шынар Тукешова қанжығасына байлады. Ал, жүлделі ІІІ орынға Инкар Омаргалиева, Бибігүл Кабдешева мен Айбат Ахметжанова ие болды.

Веложарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен кейін жанкүйерлер мен ведомство қызметкерлерінің балалары ашық аспан астында ұйымдастырылған конкурстар мен спорттық ойындарға қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -