Сенаторлар Абай атындағы педагогикалық университет активімен алдағы референдумды талқылады

15994

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болып, «Саяси процестегі жаһандық мәселелер» тақырыбы бойынша өткен конференцияға қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Депутаттар конференция барысында Конституцияға енгізуге ұсынылған түзетулердегі жаңалықтарды қатысушылармен бірге талқылады. Сондай-ақ жаңа Қазақстанның қалыптасуы үшін алдағы референдумның маңыздылығы да аталыпп өтілді.

Сенаторлар бұл өзгерістер демократиялық мемлекеттің одан әрі дамуын белгілейтінін және оның басым бағыты қоғамдық келісімді нығайту және еліміздің саяси бағытын өзгерту екенін атап өтті.

«Ұсынылған заң жобасы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында әзірленді. Жолдауда көзделген кешенді шаралар еліміз үшін өте маңызды, ол жүргізіліп жатқан реформалардың берік саяси-құқықтық іргетасын қалауға және қоғамды белсенді түрде трансформациялауға арналған. Сонымен қатар, реформа қоғам мен конституциялық кеңістіктің одан әрі демократиялық эволюциясы үшін алғышарттарды бекітеді», - деп атап өтті сенатор Нұртөре Жүсіп.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -