Маусымның 22-28 күндері еліміздің батысындағы қала Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келетін мыңнан астам жасөспірімді қабылдайды. Байқаушы ретінде Қытай Халық Республикасының делегациясы келеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылуы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының "Айбын" оқу орталығының базасында өтеді.
50-ден астам қазақстандық және шетелдік командаларды қабылдау үшін оқу орталығында шатырлы қалашық жабдықталған, барлық жайлылығы бар тұрғылықты жерлер, медициналық пункт және асхана дайындалған.
Оқу орталығының аумағында жаңа воркаут-кеңістіктер, жүгіру жолы бар футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары пайда болды.
Далалық лагерьде ұлдар мен қыздардың армия атмосферасына еніп, шиеленісті жарыстардан кейін демалуына барлық жағдай жасалған.
Жиынға қатысушылар әскери-патриоттық клубтар мен оқу орындарында оқыған білімдерін көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын Қорғаныс министрлігі он бірінші рет өткізіп отыр. Іс-шара бағдарламасы өте бай және әскери-қолданбалы пәндер бойынша бірқатар жарыстарды, зияткерлік, шығармашылық конкурстар мен "Smart Sarbaz" робототехника бойынша жарыстарды қамтиды. Сонымен қатар, жасөспірімдерді бірлескен жорықтар, экскурсиялар және алау жанындағы кездесулер күтеді.