Кредиттік рақымшылық мәселелері бойынша дәйексіз ақпаратқа қатысты

604
Фотосурет: АР

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram, Facebook) және мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram) «кредиттік рақымшылық» жасалды және халықтың қарыздары есептен шығарылды-мыс деген дәйексіз ақпараттың белсенді түрде таратылып жатқандығын мәлімдейді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығын орындау үшін қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысына қатысты үш жыл бұрынғы ақпарат бар 2019 жылғы бейнеролик таратылуда.

Осы Қаулы шеңберінде көмек 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілді. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді.

Қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатты және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ. Бұл бастама бір реттік бастама болды.

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден басшылыққа алуды сұраймыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -