Қазақстандықтар автобус билеттерін электронды жүйе арқылы сатып алатын болды

699

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы автовокзал және Halyk Bank-пен бірлесіп жол жүру билеттерін Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы сатып алу сервисін іске қосу жөнінде жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Атап айтқанда, осы бастама арқылы Halyk Travel қосымшасының «Автобустар» электронды сервисі азаматтар үшін қолжетімді болды. Аталған сервис жол жүру билеттерін алдын-ала брондау және сатып алу кезіндегі уақытты айтарлықтай үнемдейді. Сервисті жасаушылар алдағы уақытта жолаушылардың өздері мен жүктерін жағымсыз жайттар мен оқыс оқиғалардан сақтандыруды да енгізуді көздеп отыр.

Қазіргі таңда аталған мобильді қосымша арқылы отандастарымыз Нұр-Сұлтаннан Державинск, Константиновка, Наумовка, Степногорск, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Өскемен қалалары мен Монғолия және Өзбекстан сынды көршілес елдерге де жол жүру құжаттарын сатып алуда.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта аталған жобаның шеңберін ұлғайтып, барлық қалааралық және халықаралық бағыттардағы маршруттарды ашу жоспарлануда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -