«Астана Балет» сахнасында «Жібек жолы» балетінің премьерасы өтеді

583

«Астана Балет» театрында кезекті премьера. Бұл жолы астаналық көрермен назарына ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбековтың либреттосына қойылған екі актілі «Жібек жолы» (Бейбітшілік биі) балеті ұсынылады. Премьера 18-19 маусымда өтпекші. Қоюшы-хореограф - «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Авахри. Билеттер онлайн түрде театр сайтында сатыла бастады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Жібек жолы - әу бастағы Даналығы қайта жаңғырған шабыт пен сұлулықтың символы. Адамзат баласы үшін тауар, өнертабыс, тың технологиялар мен идеяларды алмасу үшін бұдан асқан жол жоқ. Алайда, ол тек бейбіт кеңістікте ғана тамыр жая алады. Себебі, тек сонда ғана адам баласы өзінің асыл дүниесімен бөлісуге ынталы болмақ.  

Бұл – таңғажайып гипноз құдіретіне ие, медитация іспетті балет. Жарқын, нақты, мән-мазмұны таныс мінсіз қимылдар адамзаттың қазіргі ой өрісі мен тың эстетикасына сәйкес, театр сахнасында паш етілмекші.  

                                

«Жібек жолы» - би мен музыка жолы, стиль мен мәдениеттердің алмасу мысалы. Спектакль мынадай сахналардан құралған: «Жібек өндірісі», «Керуен», «Нефрит», «Қыш-құмыра өндірісі», «Рим», «Парсы елі», «Ғұндар» және т.б.

«Осындай билет қою идеясын көтерген театрымыздың арт-менеджері Әсел Исабаева. Дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алматыдағы гастрольдік сапарымыздың барысында қойылым жұмыстарын пысықтап, промо-ролик түсіріліміне қажетті бейнелер жасап, музыканы да шығарып жатқан жайымыз бар. Қойылымда классикалық би негізіндегі хореография қолданылмақшы. Дегенмен ориентализм элементтері, яки, шығыс мәнеріндегі хореографияның да өрнегі қосылып, осы арқылы бейнелердің көркем келбеті толық ашылады деген ойдамыз», - деген ойымен бөлісті қоюшы-хореограф. 

Балет қойылымына дарынды өнер қайраткерлері ат салысты: композиторлар – Арманд Амар мен Ренат Ғайсин, костюм суретшілері – Әсел Шалабаева мен Дина Буксикова, сценограф – Асқар Ысқақов, бейнесуретші – Нұрлан Керей.

Тарихи тақырыпқа балет қою идеясын «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» жүзеге асырып жатыр. Бас серіктес - «Самұрық-Қазына» АҚ. 
Бұл жобаның ерекшелігі сол, «Жібек жолы» қойылымының кинонұсқасының түсірілімі де қатар өтіп жатыр. Осылайша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі балетсүйер қауым Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен қалыптасуы жайлы  баяндайтын қойылымды тамашалап, сонымен бірге, Қазақстанның мәдени мұрасымен де таныса алады. 

Спектакльдің басталуы: 18-19 маусым, сағат 18:00. 

Премьера Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -