18106

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің оң беделін одан әрі көтеру туралы қойған тапсырмаларын орындау мақсатында ағымдағы жылғы 27 мамырда сағат Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімінде "2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанындағы жас толымын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарына салтанатты шығарып салу және мерзімді қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару" рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Салтанатты ісшара әскери бөлім жеке құрамының саптық жиынынан басталды.

Мерзімді қызметін өткерген әскери қызметшілерді құттықтау және запасқа шығару рәсімінде әскери бөлім командирі полковник Аян Есжанов, "Ардагерлердің

Орталық кеңесі" төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағамбет пен "Қарулы Күштер ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нагуманов, "Atamnyn amanaty" қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова сарбаздарға алғысын білдіріп, сәт сапар тіледі.

Бөлімінің жеке құрамы әскери қызметтен босаған сарбаздардың алдынан салтанатты қоштасу саптық шеруімен өтті.

Ал әскерге шақырылушылар мен ата-аналарына, колледж студенттеріне деген құрмет ерекше болды. Олар үшін мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің күнделікті өмірімен таныстыру, әскери казармаларды, техника мен қару-жарақ, әскери киім үлгілерін көрсету ұйымдастырылды.

Әскер сабына бүгін қосылғалы отырған жастарды таныстыра отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Мұрат Берекполов:

"Аға орынын іні басады деп айтады халқымыз. Бір жыл еліміздің тыныштығын сақтауға үлес қосқан сарбаздарымыздың ата-аналары, туған туыстарымен қауышатын күні келді. Отан тыныштығын сақтаудың келесі кезегі осы жастарымызға келді. Ел үмітін ақтайсыздар деп сенеміз! Қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!" - деп қорытындылады.

Ісшара соңы мерекелік әскери әндер концертіне ұласты.

Ісшараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ҚР Ұлттық Ұланының қолбасшылығы, Орталық Ардагерлер кеңесі, Ауған соғысы ардагерлері, әскерге шақырылушылар мен ата-аналары, 150 колледж студенттері қатысты.   

Ісшараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ҚР Ұлттық Ұланының қолбасшылығы және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаменті ұйымдастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -