Дулат Жүкенов: Конституциялық реформа азаматтардың елді басқаруды қатысуға мүмкіндіктерін кеңейтеді

1095

Бүгінде біздің бәріміз динамикалық, жылдам өзгеріс әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Өзгерістер қоғамның барлық салаларында орын алуда.

Осыдан, мәселелерді шешу жолында жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды.

Z буыны (зумерлер) – жаһандану және постмодернизм дәуірінде туып-өскен, бәрінен де көбірек кезекті дағдарыстарды бастан кешірген бірінші буын.

Егер өмір өзінің жылдам қарқыны мен шиеленістерімен адамға қуануға мүмкіндік бермей жатса, онда адамға өзінің назарын ең бастысына аудару қажет. Белгілі бір өзгерістер мен жаңалықтар енгізу қажет, тіпті ол  мемлекеттің Негізгі заңына қатысты болса да.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында ел дамуының одан арғы векторын айқындайтын республикалық референдум өтеді.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, азаматтардың қажеттігінен туындап, қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Маңыздысы сол, бұл өзгерістердің барлығын халық өзі талқылап, референдумда қабылдамақ.

Референдум азаматтардың ерік-жігерін білдірудің ең демократиялық тәсілі екенін ескерсек, конституциялық реформа азаматтардың елді басқаруды қатысуға мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сеніммен айтуға болады. Референдумда біз адал «ойын ережелері» мен әділетті Қазақстан үшін дауыс береміз.

Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік модельді кешенді жаңғыртуға бағытталып, өмірдің негізгі аспектілерін қамтымақ.

Енді жер мемлекеттік меншік емес, халықтың меншігі болады. Бұл жердің меншік құқығына қатысты маңызды мәселе.

Супер-президенттік модельден президенттік республикаға көшу, Конституциялық сот институтын құру, сондай-ақ, Үкіметті және бюджеттің жұмсалу барысын бақылауға жеткілікті өкілеттігі бар Парламенттің төменгі палатасының құқықтарын едәуір кеңейту-осы және басқа да түзетулерді Қазақстан халқы күтті.

Қоғам нақты қадамдарды күтуде, сондықтан референдум үкіметке емес, бірінші кезекте халыққа қажет.

Тұтастай алғанда, өзгерістер пакетіне Қ.К. Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси бастамаларды іске асыру үшін қажетті және Конституцияны түзетуді талап ететін нормалар кіргенін атап өткен жөн.

Референдум қоғамды біріктіреді, бұл стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін қажет, ал ел басшылығы өзекті мәселелерге тіпті дағдарыс жағдайында да жедел жауап беру үшін қажет.  

Қазір Қазақстандағы билік институттары мен жаңа саяси мәдениеттер өзара іс-қимылының сапалы жаңа моделіне көшуі басталды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау тетігі күшейтілуде, бұл  шенеуніктердің өздері қабылдайтын актілердің сапасы үшін жауапкершілікті арттыруға алып келеді.  

Алдағы референдум әрбір азаматқа Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық референдумға қатысып, өсіп-өркендеп келе жатқан жаңа Қазақстанның пайдасына өз таңдауын жасауы тиіс деп санаймын.

Дулат Жүкенов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -