Биыл 4 маусымда еліміз мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өтеді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Осы мереке қарсаңында және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің патриоттық рухын нығайту мақсатында тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихшылары конгресінің мүшесі С. К. Бердағұлованың қатысуымен «Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» туралы тақырыптық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында Министрлік қызметкерлері мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихымен таныстырылды және олардың авторлары, мемлекет пен халық үшін маңызы, Мемлекеттік рәміздер туралы қабылданған заңдар бойынша ақпарат алды.
Мемлекеттің жеңістері мен жетістіктері елдің мемлекеттік рәміздерімен тығыз байланыста, осыған байланысты біздің әнұранымыз жиі шырқалып, мемлекеттік туымызды түсірудің ешқандай себебі болмасын деген тілегіміз бар.