NU-да студенттерді 11-ші бітірудің салтанатты рәсімі өтті

3718
Фотосурет: nu.edu.kz

Биыл жас та талантты 1695 түлек кәсіби өмірге жол бастады — олардың арасында академиялық білім алуға сенімді орта ретінде NU-ды таңдаған 58 шетелдік студент бар, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түлектер — нағыз көшбасшылар: биыл 1098 бакалавр, 508 магистр, 62 PhD және 27 MD диплом алды. Олардың қатарында Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, сондай-ақ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін бітіргендер көп, екі мектеп түлектері барлық түлектердің үштен бірден астамын құрайды. Олар — информатика, робототехника, құрылыс, экономика, лингвистика, математика және инженерия салалары мамандары.

15 жыл ішінде ЖОО бүгінде Қазақстанда және шетелде сұранысқа ие 12 мың маман шығарды. NU түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші — 98%. Бұл — әр түлек елдегі және әлемдегі ең ықпалды компанияларда жұмыс істеп жатыр деген сөз.

Сонымен қатар биыл 149 резидент дәрігер мен медицина докторы диплом алып, ендігәрі адам өмірін сақтауды мақсат етіп, медицинаны дамытуға күш-жігерін салмақ. Тағы 244 магистр мен мен ғылым докторы болашақ көшбасшылар мен реформаторларды дайындайтын Жоғары білім беру мектебінде, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде және Жоғары бизнес мектебінде білім алып шықты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев сөз сөйлеп, түлектерді шабыттандырды. Өз сөзінде ол студенттерге жаңа өмір жолында сәттілік пен табыс тілеп, олардың әлеуеті мен жарқын болашағына шынайы сенім білдірді. Одан кейін Ермек Көшербаев салтанатты түрде өз мектептерінде ең жоғары академиялық нәтижелер көрсеткен түлектерге дипломдарын табыстады.

Диплом алу салтанатына түлектер отбасыларымен, достарымен және профессорларымен бірге жиналып, оқудың аяқталуы мен кәсіби өмірдің басталуын атап өтті. Олардың қуанышын Парламент депутаттары, министрліктер мен елшіліктердің өкілдері, жұмыс берушілер және университеттің Қамқоршылар кеңесінің мүшелері бірге бөлісті.

Келген қонақтар мен бітіруші түлектер алдында сөз сөйлеген университет презиенті Вакар Ахмад

“Биыл NU өзінің 15 жылдығын атап өтуде. Орталық Азияның жетекші зерттеу университеті ретінде біз одан әрі өсіп, ықпалымызды күшейтіп, халықаралық рейтингтерде көтерілуді және академиялық беделімізді нығайтуды көздеп отырмыз. Алдағы жылдары біз инновацияларды белсенді дамытып, индустриямен ынтымақтастықты кеңейтеміз, демеушілік және қайырымдылық қолдау тартып, Қазақстан мен басқа да елдердің студенттеріне сапасы жоғары білім беретін боламыз. Біздің түлектер бүгіннің өзінде бүкіл әлем бойынша университеттің дамуына үлес қосуда. Құрметті 2025 жылғы түлектер, биік асуларды бағындырып, өзіңіздің жетістіктеріңізді, білім нәрімен сусындаған университетіңізді және бағып-қаққан еліңізді мақтан етіңіз. Сәттілік және байланыста болайық!”

Сонымен қатар бұл ерекше салтанатты шараға NU-дың бұрынғы провосты Илесанми Адесида келді. Ол университеттің құрылуынан бастап оның дамуына айтарлықтай үлес қосты және өткен жылы, университет жетілген және тұрақты институтқа айналғаннан кейін, отбасына көбірек уақыт бөлу үшін зейнетке шығу туралы шешім қабылдады.

“Nazarbayev University Аденің провост ретінде қызметке келгеніне өте бақытты. Ол біздің академиялық және ғылыми ландшафтымызды айтарлықтай өзгертті. Сахна сыртында қанша маңызды жұмыс атқарылып жатқанын бәрі біле бермеуі мүмкін. Мәселен, біздің постдок бағдарламамызды құрған, негізгі оқу бағдарламасын бастаған және пәнаралық жалпы зертханаларды құруда шешуші рөл атқарған Аде болды — олардың біріне оның есімі берілген. Оның күш-жігерінің арқасында біздің зерттеу әлеуетіміз ұлттық және халықаралық деңгейде өсті. Аденің басшылығымен жүргізілген іргелі жұмыстардың арқасында біз Times Higher Education рейтингінде ілгерілей бастадық” Деп атап өтті провосттың м.а., академиялық істер жөніндегі вице-провост Лоретта О'Доннелл

Басқарушы кеңес пен профессор-оқытушылар құрамының сенаты Илесанми Адесидаға ғылым докторы құрметті дәрежесін (Honoris Causa), сондай-ақ NU құрметті профессоры атағын (Emeritus Professor) беруге шешім қабылдады. Бұл — оның көшбасшылығы, адамгершілігі мен өз ісіне деген адалдығын мойындау. Профессор Майкл Льюис пен президент Вакар Ахмад диплом табыстап, профессор Адесиданы үлкен қошеметпен құттықтады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -