ҚазҰУ-да «Балаларды қорғау күні» мерекесі өтті

635

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының ұйымдастыруымен «Балаларды қорғау күні» мерекесі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Барлық жастағы кішкентай қонақтарға «Бәйтерек» кәсіби балалар театры дайындаған «Қайта жанданған ойыншықтар» атты спектакль көрсетілді. Көрікті костюмдер киген ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты қойылымдар ұсынып, олармен бірге ән айтып, би биледі.

ҚазҰУ-да ұйымдастырылған мереке ата-аналардың да көңілінен шықты. Университет қызметкерлері мен оқытушылары өз әсерлерімен бөлісіп, биыл Балаларды қорғау күні ерекше аталып өтіп жатқанына ризашылықтарын білдірді.

«Ұйымдастырушыларға рақмет! Балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерімен кездесті. Костюмдер, актерлердің талантты ойыны, сиқыр мен ғажайыптар атмосферасы – осының бәрі бізге керемет көңіл күй сыйлады. Біз Шеберлер қалашығына да бардық. Бәрі өте ұнады. Ең бастысы – балалардың көңілінен шықты», – деді журналистика факультетінің оқытушысы Әсел Құндақбаева.

«Мен мерекеге немеремді алып келдім. Алған әсеріміз мол. Кішкентай бүлдіршіндер керемет көңіл күйге бөленді. Осындай шараны ұйымдастырған кәсіподаққа алғысымыз шексіз», – деді өз әсерімен бөліскен сервистік қолдау бөлімінің бастығы Марина Шпак.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев: «Жыл сайын балалар байқауларына қатысушылар саны артып келеді, бұл кәсіподақ өкілдерін қатты қуантады. Балалар бақытты болған кезде ата-аналар да бар ынтасымен еңбек етеді», – деп атап өтті.

Мерекеге орай ұйымдастырылған  Шеберлер қалашығында  ерікті жастар балаларға арнап түрлі қолөнер бұйымдары мен ойыншықтар жасап, сатылымға шығарды. Сондай-ақ балалар арасында флэш-моб, шахмат, тоғызқұмалақ бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

Мереке  аясында балалар биология факультетінің мұражайын аралап көріп, ерекше әсер алды. Айта кетерлігі, «Досбол» жеке қайырымдылық қоры өкілдерінің өтініші бойынша мерекеге аз қамтылған отбасылардан 11 бала шақырылды.

Балалар мерекесі барлық жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -