ҚазҰУ ректоры АлмаU университетіне барды

10439

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры жұмыс сапарымен Алматы менеджмент университетіне барды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев АлмаU университетінің президенті Асылбек Қожахметовпен кездесу өткізіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Асылбек Қожахметов Жансейіт Түймебаевқа жоғары оқу орнының алдағы жұмыс жоспарын таныстырды.

Жүздесу барысында университет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар  тараптар ғылыми-инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.

Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев АлмаU университетімен серіктестікті дамытуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол жемісті ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауға ниетті екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -