«Air Astana» Мәжіліс депутатына ұшақта адам өмірін құтқарған үшін алғыс білдірді

13904

«Air Astana» әуе компаниясы Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовке 30 сәуірде Сеул-Алматы бағыты бойынша ұшқан жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осыған орай бүгін Мәжілісте «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостердің атынан компанияның өкілдері алғыс хат пен арнайы сыйлық табыс етті.

- «Air Astana» әуекомпаниясының басшылығы 2022 жылдың 30 сәуірінде Алматы – Сеул бағыты бойынша ұшқан жолаушыға дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз, жауаптылығыңыз және белсенді азаматтық ұстанымыңыз адамның өмірін сақтап қалды, – делінген алғыс хат мәтінінде.

Авиатасымалдаушы компания өкілі атап өткендей, ұшақтың бортында жолаушылардың бірінің қысымы төмендеп, есін жоғалта бастаған. Бортсеріктер салондағы жолаушылар арасынан медицина қызметкерлерін іздеген. Ер адам көмекке келді. Ол кейін белгілі болғандай шетелге іссапармен бара жатқан мамандығы бойынша дәрігер, Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов болды.

Ғалымжан Елеуовтың өзі айтуынша, адам ес-түссіз, клиникалық өлім жағдайында болған. Оның қысымы мен тамыр соғуы сиреп, жедел түрде реанимациялық іс-шаралар жүргізілген.

Мәжіліс депутаты жолаушының жүрек қызметін қалпына келтіріп, оның жағдайын жақсарта алды. Осылайша, жақын маңдағы қалаға ұшақтың шұғыл қонуы қажет болған, дегенмен 37 жастағы ер адамның жағдайы тұрақтанып, ол әрі қарай ұшуды жалғастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -