Елордада дәстүрлі халықтық «Сабантуй» мерекесі өтті

21120
Фотосурет: ҚХА

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Demalys Promenade» жаяу бульварында дәстүрлі халықтық «Сабантуй» мерекесі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мерекені «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығы Ресей Федерациясы Елшілігінің, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілдігінің, «КАМАЗ» сауда компаниясы» ЖШС, «Кама-Казахстан» Сауда Үйі» ЖШС» қолдауымен атап өтілді.

Сабантуй – ЮНЕСК-ның мәдени мұрасы тізіміне енгізілген. Тамыры тереңннен бастау алатын бұл мереке түркі халықтарының маңызды мерекесі ретінде күнтізбеге енгізіліп, ол адамзат баласын бірлік пен ынтымаққа үндей білді.

Іс-шараны безендірген «Сабантуйдің» басты символы ретінде ұлттық киімдегі қыздар жиналғандарға «чак-чак» нәзіктігін ұсынды. Татар және башқұрт халқының қонақжайлылығының символы ретінде «чак-чак» тағамдарының ұлттық дәмі адамзатты достық пен келісімге шақырады.

Өнер әлемінде есімдері мәлім Татарстаннан келген әртістер тыңдарман қауымға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ аймақтық татар-башқұрт этномәдени орталықтары мен елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды.

Бұл дәстүрлі «Сабантуй» мерекесінде этномәдени бірлестіктердің халық әндері шырқалып, би биленді. Сонымен бірге, ұлттық күрес, армреслинг, қол күрес және тағы басқа байқаулар мен көңілді халық ойындары өткізіліп, тақия, татар және башқұрт ұлттық тағамдарының көрме-сатылымы өткізілді.

Мерекенің белсенді қатысушыларына бағалы жүлделер мен сыйлықтар табыстады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -