Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Жетісу облысындағы бірқатар аудандарда болды және бірінші кезектегі міндеттер белгіленді

9823

Сенатор жұмыс сапары барысында Қоғамдық кеңес мүшелерімен, Ақсу, Сарқан, Көксу аудандық мәслихаттары депутаттарымен, ауыл әкімдерімен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Депутат Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заң шығару жұмысына және Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесуде өңірлердегі өзекті мәселелерге талдау да жасалды. Олардың қатарында азаматтарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді уақытша пайдалануға беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тұрғын үйлері мен ғимараттарын күрделі жөндеуге қаражат бөлу проблемалары болды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ шалғай ауылдарда дәрігерлерге арнайы қосымша курстар ашу қажеттігін, жолдардың, байланыс қызметтерінің, ауыз су сапасының төмендігін және субсидия бөлудегі олқылықтарды атап өтті.

Депутат Жанболат Жоргенбаев кездесу соңында айтылған барлық мәселелер жақын арада облыстың жергілікті атқарушы органдарының назарына ұсынылып, шешу жолдары бірлесіп қарастырылатынын жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -