Нұр-Сұлтанда Қазақстан конфессиялары мен этностары бірлігінің нышаны - саябақ ашылады

14047
Фотосурет: АР

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық жалғасуда. Алдағы форумның ресми өкілі Назым Жанғазинованың айтуынша, съезд қарсаңында елордада жаңа қоғамдық кеңістік ашылады, оның тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс бүгін жарияланды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

"Съезді өткізу аясында Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен этностар арасындағы бірлікті, ынтымақтастық пен достықты білдіретін табиғи-рекреациялық парк құрылады. Саябақ ел астанасын абаттандыру мен көгалдандырудың ауқымды үдерісіндегі тағы бір кішкентай қадам болмақ", - деп жазды Назым Жанғазинова өзінің Facebook парақшасында.

Осыған байланысты Съезд Хатшылығы мен елорда әкімдігі Қазақстанның барлық қалаларынан сәулетшілерді, ландшафт дизайнерлерін және урбанистерді Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінің бойындағы жаңа қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі конкурсқа қатысуға шақырады.

Эскиздік ұсыныстар 2022 жылдың 20 тамызына дейін ұсынылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -