Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында қазақстандық арулар үздік үштікке енді

1760
Фотосурет: WA

Қазақстан құрамасы садақ атудан Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әйелдер құрамасы командалық сында блоктық садақ атудан үшінші орын иеленді.

Қола үшін өткен матчта қазақстандықтар Ұлыбритания құрамасын 232:229 есебімен жеңді. Ел намысын Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова қорғады.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет әлем чемпионатында медаль жеңіп алды. Бұған дейін, 1993 жылы классикалық садақ атудан Яна Туниянц үшінші орынға ие болған еді.

Сонымен қатар біздің құрама жабық кешендегі әлем чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетіп, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -