Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша:
- Халықпен 8,5 мың кездесу өткізілді
 - Кездесуге 594 мың адам қатысты
 
29,2 мың сұрақтар көтерілді:
- тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым
 - абаттандыру
 - экология
 - жолдарды реконструкциялау
 - әлеуметтік нысандарды салу
 - жер және тұрғын үй мәселелері
 
Кездесулер қорытындысы бойынша:
- 12,6 мың мәселе шешілді
 - Қалған сұрақтарды шешу үшін 515 млрд. теңге қажет (әкімдіктердің бақылауында)
 - 149,2 млрд. теңге көзделген (бюджеттерді түзету шеңберінде)
 
Жергілікті бюджет қаражатымен қамтамасыз ету:
- 6 өңірде көрсеткіш республикалық орта деңгейден аз
 - Ең төмен көрсеткіштер Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында
 
Орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың деңгейінде шешуді қажет ететін проблемалық мәселелердің тізбесі қалыптастырылды (Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде)
- Тізім 140 мәселеден тұрады (сұрақтардың басым бөлігі республикалық бюджеттен қаржы бөлу қажеттілігімен байланысты)
 - 18 сұрақ бойынша өңірлерде қажетті құжаттама жоқ
 - А.ж. 22 ірі жобаға республикалық бюджетте 103 млрд. теңге көзделген
 - Мысалы, «Донское-Бадамша-Ақтөбе-Орск» автомобиль жолын қайта жаңарту» жобасының жалпы құны 5,9 млрд. теңге
 - Зайсан ауданының халқын газбен жабдықтау үшін 2022 жылы 570 млн. теңге бөлінді
 - 16 жоба бойынша – 2023-2025 жылдарға арналған РБ-ны қалыптастыру шеңберінде 17,7 млрд. теңгені бөлу мүмкіндігі қарастырылады
 - 14 мәселені қаржыландыру мемлекеттік органдардың қарауында
 - Қаржыландыруды талап етпейтін 54 мәселенің 42-сі мемлекеттік органдармен жұмысқа алынды
 
140 сұрақтың 28-і мемлекеттік органдар тарапынан қолданбады (Әкімдіктер сұрақтарды орталық денгейдегі шешілетін проблемалық мәселелер тізбесіне енгізді. Алайда олардың шешімі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді).
- Әкімдердің коммуникациясының жаңа форматын азаматтар оң қабылдады.
 - Кейбір әкімдіктер әлі күнге дейін кездесулер өткізудің жаңа форматына көшкен жоқ
 - Үлкен кемшіліктер
 - Азаматтарды белгілі бір тізімдер бойынша кіргізу
 - Кездесу орнын әкімдікке қатысты мекеме қызметкерлерімен толтыру
 - Алдын ала жоспарланған сұрақтарды қою
 - Әлеуметтік желілерде адамдар ақпараттық сүйемелдеу сапасының төмендігіне шағымданды
 - Азаматтардың көпшілігі әкімдердің жоспарланған кездесулері туралы бейхабар.