Алматыда әскери нұсқаушылар мен оқытушыларға арналған ағылшын тілі курсы өтуде

1094

Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік дайындық орталығында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның әскери нұсқаушылары мен оқу орталықтарының оқытушыларына арналған ағылшын тілін оқыту курсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Біліктілікті арттыру курсының ашылуына Ұлыбританияның әскери атташесі подполковник Роб Бакстер, оның көмекшісі сержант Пол Берри, жоба менеджері Гэбриел Фаррелл және британдық «Inter Press» орталығының нұсқаушысы Юлиана Раманенка қатысты. 

– Британдық тарап ұсынған курс Қарулы күштердің нұсқаушылары мен оқытушылар құрамының білім деңгейін арттыруға бағытталып отыр. Бұл сабақтар нақты әдістемелерді үйретіп, коммуникативтік және ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби құзыретті арттырады, – деп түсіндірді Бітімгерлік дайындық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин. 

Курсты ұйымдастырушылар да бітімгерлік миссияларда коммуникацияның сәтті болуы көбінесе халықаралық қарым-қатынас тілін білу деңгейіне байланысты екенін атап өтті. 

Аталған сабақтар биылғы жылдың 13 тамызына дейін жалғасады. Оның қорытындысына сәйкес нұсқаушылар мен оқытушыларға сертификаттар табыс етіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -