10 тамыз сағат 21.40 шамасында 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қызмет атқаратын бағытта мас күйінде тұрған күдікті адам байқалады.
Әскери жасақ бастығы қатардағы Семен Краев және патрульшілер қатардағы Ерболат Әубәкіров пен Мадиар Наурызбаев құжат тексеру кезінде аталған азамат Ресей Федерациясында іздеуде жүргені анықталады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Сондай-ақ, ер азамат ҚР ҚК № 188 бабы 1 тармағы бойынша іздеуде жүргені де белгілі болады.
Күдікті азамат мән-жайды анықтау үшін Ақтөбе қаласы полиция басқармасына жеткізілді.