Қазақстандықтардың ерліктері мен төзімділігі: Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме

1771
Фотосурет: ҚР Президенттік орталығы

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрменің ашылуы өтті. Жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының мемлекеттік архивімен бірлесіп дайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шараның мақсаты – тарихи зердені сақтау және бейбітшілік пен бостандық үшін жандарын қиған ұрпақтардың ерлігі мен батырлығына тағзым ету.

В Астане прошло открытие выставки «Эпопея Победы», посвященной Дню защитника Отечества и 80-летию Победы в ВОВ

В Астане прошло открытие выставки «Эпопея Победы», посвященной Дню защитника Отечества и 80-летию Победы в ВОВ

Көрмеге мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерінен, ҚР Парламентінің депутаттарынан, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдерінен, жоғары әскери оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктердің студенттерінен, Астана қаласының белсенділерінен 200-ге жуық адам қатысты.

В Астане прошло открытие выставки «Эпопея Победы», посвященной Дню защитника Отечества и 80-летию Победы в ВОВ

«Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл іс-шара біз үшін ерекше маңызға ие. Бұл – майдан мен тылда Жеңісті жақындатқан ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығына деген терең құрметтің белгісі, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін тарихи жадымызды сақтауға қосқан үлесіміз. Көрме экспозициясы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығы, фашизмге қарсы ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі туралы сыр шертеді. Сол бір сұрапыл соғыстың сабақтарын ұмытпау, бейбітшілік үшін қандай құрбандық жасалғанын естен шығармау, және осы теңдессіз ерлік туралы естелікті болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің қасиетті борышымыз» Президенттік орталықтың директоры Бақытжан Темірболат өзінің құттықтау сөзінде 

Көрме экспозициясында Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанды қорғаған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы баяндайтын шамамен 100 материал, сондай-ақ Қазақстан аумағында құрылған дивизиялар туралы ақпарат ұсынылған.

В Астане прошло открытие выставки «Эпопея Победы», посвященной Дню защитника Отечества и 80-летию Победы в ВОВ

Көрме Қазақстан тарихының соғыс жылдарындағы маңызды беттерін ашып, халықтың фашизмге қарсы күрестегі адалдығын дәріптейді. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанды қорғаған тыл еңбеккерлері мен жауынгерлердің ерлік істерін көрсететін материалдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жасақталған дивизиялар туралы мәліметтер қойылды.

«Ұлы батырларымыз туралы үнемі айтып отыруымыз керек, болашақ ұрпақты олардың өнегесімен тәрбиелеуіміз қажет. Халқымыздың ерлігінің маңыздылығын, фашизмге қарсы Жеңіске деген мақтаныш сезімін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – бәріміздің ортақ парызымыз әрі қасиетті міндетіміз», – деді Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің генерал-лейтенанты, «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Ертаев

Қазақстандық жауынгерлер майдандарда керемет ерлік көрсетіп, олардың 500-ден астамы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде төртеуі – Т. Бигелдинов, С. Луганский, Л. Беда және И. Павлов екі мәрте жоғары марапатқа ие болды.

В Астане прошло открытие выставки «Эпопея Победы», посвященной Дню защитника Отечества и 80-летию Победы в ВОВ

Өз кезегінде Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есилов Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстарының естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі тақырыптық көрме сияқты іс-шараларды кең көлемде және тұрақты түрде өткізуге шақырды.

Ерлермен қатар майданда ерлік көрсеткен Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Х. Доспанова сынды қазақ әйелдерінің батырлығы Отанға деген адалдық пен батылдықтың жарқын үлгісі болып табылады.

Сондай-ақ көрмеде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылдығы (24.12.1910 ж.), Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы (15.11.1915 ж.), Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық (15.06.1925 ж.) мерейтойлары аталып өтті.

В Астане прошло открытие выставки «Эпопея Победы», посвященной Дню защитника Отечества и 80-летию Победы в ВОВ

Көрме 2 бөлімнен тұрады:

І. «Соғыс жылдарындағы қазақстандық дивизиялардың тарихы» бөлімі Ұлы Отан соғысының майдандарында шайқасқан қазақстандық әскери бөлімдердің ерліктері туралы баяндайды. Мәскеу мен Ленинградты қорғауда, Курск доғасында, Сталинград шайқасында, Еуропаны азат етуде әртүрлі майдандардағы ұрыстарда қазақ жауынгерлері ерекше ерлік пен қайсарлық көрсетті.

ІІ. «Ақмола қаласының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі» бөлімінде Астана қаласының мемлекеттік архивінің материалдары негізінде Ақмола мен Ақмола облысында құрылған дивизиялар, тылда еңбек еткен тұрғындардың батырлықтары мен еңбек ерліктері туралы баяндалады. Ақмола (Астана) Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысқан әскери құрамаларды дайындаудың маңызды орталығына айналды. Тыл еңбеккерлері қиын жағдайларға қарамастан, майданның қару-жарағын, әскери техникаларын, азық-түліктерін өндіруде аянбай еңбек етіп, жеңіске өлшеусіз үлес қосты.

Көрмеде ҚР Президенті орталығы дайындаған «Қайтарылған есімдер» атты кітап-альбомның (Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай) және даңқты батыр, ақмолалық жауынгер Әлмұқан Сембиновке арналған Астана қаласындағы мемлекеттік архив шығарған «Әлмұқан Сембинов. Тағдыры тарихқа айналған...» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Авторлары – Т.Ә. Қышқашбай, Ғ.Т. Исахан, А. Қаршығаұлы.

«Қайтарылған есімдер» атты кітап-альбомда Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан және із-түзсіз жоғалып кеткен, шайқас болған аумақтардағы іздестіру жұмыстары нәтижесінде табылған, Қазақстанда туған немесе тұрған, сондай-ақ Қазақстаннан әскерге шақырылған жауынгерлер туралы материалдар ұсынылған. 2015 жылы олардың есімдері Ресейдің «Іздестіру қозғалысы» Жалпыресейлік қоғамдық қозғалысы арқылы ҚР Президенті орталығының архив қорына тапсырылған. Бұл басылымда 245 қазақстандық әскери қызметші туралы мәліметтер қамтылған. Жауынгерлердің карточкалары «Халық жады» ақпараттық жүйесінің және Бүкілресейлік ақпараттық-іздестіру орталығының мәліметтер базасынан алынған архивтік құжаттармен толықтырылған (жауынгерлік медальондардан алынған жазбалар, жоғалған офицерлік және қатардағы құрамның тізімдері, әскери қызметшілердің қаза болғаны туралы хабарламалар және т.б.). Кітап-альбом – Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен шайқасқан отандастарымызға көрсетілген құрметтің белгісі.

«Әлмұқан Сембинов. Тағдыры тарихқа айналған...» атты кітап архивтік материалдар мен фотоқұжаттарға негізделіп, Даңқ орденінің толық иегері, Еңбек Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері, Целиноград (қазіргі – Астана) қаласының Құрметті азаматы Әлмұқан Сембиновтің өмірі мен ерлігі жайында сыр шертеді.

Өз сөзінде аты аңызға айналған батырдың жиені Бахыт Алтаева Альмуқан Сембиновтың жауынгерлік жолы мен майдан даласындағы ерліктері туралы, сондай-ақ соғыстан кейінгі жылдардағы қызметі жайында әңгімелеп берді.

Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов пен Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп сөз сөйледі.

 «Ерлік дастаны» көрмесі 2025 жылдың 5 маусымына дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -