Аскер Пириев: Ойнап сөйлесең де – Ойлап сөйле

17688

Осы соңғы уақытта не боп жатқанына, кімнің-кімге не айтқанына, іс-әрекетіне баға беру де қатты қиындап кетті. 

Бұрындары осындайды тек шетелден бірең- сараң, рас па-жалған ба, өсек пе-өтірік пе, әйтеуір естігенің болмаса.

Демек, жаһанудануға толық қанды мүше болдық па екен!?

 Дегенмен, Қазақ елі қашан да ел ішіндегі ауызбіршілікке, татулыққа, бейбіт өмір мен досжандылыққа ерекше көңіл бөлген елміз. Көршілермен қашанда дос , тағдырлас болған. Осы қағидалар мемлекеттік саясаттың да, қоғамдық бірігудің де басты ұстанымы. Ешкімге, ешқашан да агрессиялық талабы болмаған елміз. 

Расында, бүкіл әлем бізді солай таниды. Оған өзім де бірнеше рет тәнті болдым. Нақты есімде емес, бір кезде шетелдік беделді бір басылым Қазақстан туралы «Территория Мира и Согласия» деген үлкен мақала да жариялап еді. 

Айтпағым, астарлап сөйлеу, байқап сөйлеу, мақалдап, мәтелдеп дегендей сөйлеудің түрі көп қой. Соның ішінде ең салмақтысы, ең тереңі дипломатия тілі болатын-ды. Бірден түсінбесең де тамсана қарап: Пааах, шіркін, не деген сөз таңдап, сөйлем құрау тәсілі деп тамсана тыңдайтынбыз. 

Енді қарасаң біздің елде елші болған диломаттың әңгімесі анандай. 

Болмады. 

Бәлкім әлеу-желіге жеңіл қарадыма, әлде басқа себеппен бе екен өзі білер. 

Бірақ біздің елде ондайға оң қарау мүмкін емес. 

Дипломаттардың миссиясы және басты ұстанымы өш пен араздыққа, агрессияға емес, керсінше ынтымақ пен жақындауға бағытталу керек қой. Осы істің соңы не болатынын күтейік. Әр-түрлі провакациядан да сақтанайық. 

Ал, біз ел болып, кім не айтса да ел ішінде де, сыртында да өзіміздің ұстанымымызды жалғастырып, көзіміздің қарашығындай сақтауға қарайық, ағайын. 

Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын. Болды.

Төшкі.

Аскер Пириев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -