2025 жылғы 26 сәуірде Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінің жеке құрамы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тыл ардагері Слуша Дыбысоваға құрмет көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әскери бөлім командирі, подполковник Марат Нұрмұратов бастаған офицерлер ардагердің тұрғылықты мекенжайына арнайы барып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбегі мен елге сіңірген қызметі үшін алғыс білдірді. Кездесу барысында Слуша Дыбысоваға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның мақсаты – соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігін насихаттау және жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
5548 әскери бөлімінің жеке құрамы алдағы уақытта да ардагерлерге құрмет көрсету жұмыстарын жалғастыратын болады.