Кендерлиде әуежай қалай салынып жатыр: жоспарлар мен болашақ перспективалар

6248
Фотосурет: Gov

Кендірлі әуежайының құрылыс барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Қазір құрылыс жұмыстары екі ауысымда атқарылып жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz. 

"Мердігер мекеме жер жұмыстары мен қазаншұңқыр қазу жұмыстарын атқаруда. Құрылысқа 60 бірлік арнайы техника мен 80 маман жұмылдырылды. Кендірлі үлкен туристік әлеуетке ие. Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астанаға бес ішкі авиарейсті, сондай-ақ көрші мемлекеттерге бірқатар халықаралық авиарейстерді ашу мәселесін пысықтап жатырмыз" Марат Қарабаев 

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында 2200 метрлік ұшу-қону жолағын салу көзделген. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды.

Сондай-ақ биыл Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл ішкі және халықаралық рейстер санын көбейтуге септігін тигізбек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -