Smart Сity: жайлы, қауіпсіз қала

10879

"Ақылды қала" (Smart City) термині ХХ ғасырдың 90 жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданыла бастады. Алғашында дүйім жұрт үшін бұл термин түсініксіздеу болғанмен, соңынан өз жемісін берді. Халықтың әлеуметтік ісіне оң әсерін тигізіп, қалалық инфрақұрылымның дамуына жол ашты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

"Smart City" тұжырымдамасы – халықтың барлық ресурстар мен қажеттіліктерінің жан-жақты тепе-теңдігің қамтамасыз ететін қалалық инфрақұрылымның зияткерлік дамуы. Жоғары технологиялық шешімдер негізінде "ақылды қалалар" барлық ресурстарды ұтымды пайдалану мен басқаруға қол жеткізуді және тіршілік ету ортаны өзгерту мен басқаруға жергілікті қоғамдастықтың кең тартылуын қамтамасыз етуі керек. Демек, бұл тұжырымдама елдің барлық ірі қалаларын қамтуға тиіс.

Қазақстанда "Smart City" технологиясын енгізуді Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында қолға алу шарасы бірнеше жыл бұрын басталып кетті. Бүгінде бұл қалаларда ауқымды жобалар қолға алынып, «ақылды қала» атану үшін алға қадам басып келеді.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Smart City тұжырымдамасының әлемдік трендтерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларын салу жөніндегі қолданыстағы эталондық стандарттарын әзірлеген болатын. 

Өңірлерде енгізілетін цифрлық жобаларды біріздендіру мақсатында Жамбыл облысында 12 сала бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Smart City" жобасы аясында облыстағы білім беру саласының қауіпсіздігін бақылау мақсатында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба аясында мектептерде орналастырылған турникеттер арқылы тұлғаның биометриялық (FaceID) параметрлерін пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Қоғамдық көлікте қолданылатын tulparcard картасының көмегімен сіз мектеп асханаларында да төлей аласыз.

«Ата-ана бақылауы» мобильді қосымшасы әзірленді, бұл ата-аналарға баланың автобустан шыққаны, мектепке барғаны, асханада, тамақ мәзірінде ақы төлегені және үйге оралғаны туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді. Мектептерде орнатылған сандық камералар, дабыл түймелері полиция департаментінің ЖБО-мен біріктірілген.

 Пилоттық жоба Тараз қаласының 10 мектебінде енгізілді. Соңғы деректер бойынша қосымшада 6246 ата-ана және 4310 - бала тіркелген. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы Тараз қаласының 60 мектебінде Полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылған 600 бейнебақылау камерасы орнатылды. 

Бүгінгі күнге облыстағы 444 мектептің 50-і мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген.

2022 жылы 1 мамыр күні облыс бойынша 444 мектептің 135- дабыл түймесі орнатылып, облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ЖБО) немесе тиісті аудандық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қосылды. 

Облыс бойынша 68 мектепте турникет бар. 

Бейнебақылау камералары орнатылған 444 мектепте 9053 дана бейнебақылау камералары бар (оның 2996–цифрлық, 6057-аналогтық; 3250-ғимараттың сыртында, 5803-ғимараттың ішінде орналасқан). 

Қаладағы тәртіпті қадағалауда бейнебақылау құралдарының көмегі мол. Ол бүгінде өз жемісін беруде. Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында бейнебақылау камераларының санын ұлғайту мақсатында 36 384 бейнебақылау камералары, оның ішінде Тараз қаласында – 16 551 камера орнатылды. 

Тараз қаласында «Сергек» жобасын іске асыру бойыншада біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Сергек", ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді. 

Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зиякерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша 1250 бейнебақылау камерасы және "Сергек" жол қауіпсіздігін бұзу қағидаларын тіркейтін 48 аппараттық кешені орнатылады. Жұмыстарды "IP Технологиялар" ЖШС жүргізеді.

Тараз қаласы бойынша қоғамдық орындарда, жолдардың желілік учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 210 бейнекамералары орнатылған.

Аудан әкімдіктері жіберген мәліметтерге сәйкес, аудандар мен ауылдық елді мекендер бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласын цифрландыру нәтижелері бойынша барлығы 1200 бейнекамера орнатылған, оның ішінде 874-і аудандық бөлімдер мен ауылдық учаскелік полиция пункттеріне шығарылды. Ағымдағы жылы әкімдіктер жүйені 143 бейнекамераға кеңейтуді жоспарлап отыр.

  • Шу ауданында барлығы 147 бейнекамера, 9 монитордан тұратын бейне қабырға, серверлік сақтау жүйесі, талшықты-оптикалық байланыс желісі коммуникациялық қосылымы орнатылды. Сонымен қатар, 62 камера Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктірілген. Шу қаласында 62 камера, 6 ауылдық округтерде 85 камера орнатылған. Ағымдағы жылы 3 камера орнату жоспарланған.
  • Қордай ауданында 87 (63 камера аудан орталығында, 24 камера ауылдық елді мекендерде) бейнекамера орнатылған. 68 камера Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен қалған 19 камера ауылдық полиция учаскесімен біріктірілген. Ағымдағы жылы бейне жүйені ұлғайту жоспарланбаған.
  • Меркі ауданында 25 (10 камера Меркіде, 15 камера ауылдық елді мекендерде) камера, 4 монитордан тұратын бейне қабырға, серверлік сақтау жүйесі, талшықты-оптикалық байланыс желісі коммуникациялық қосылымы орнатылған. Ағымдағы жылы бейне жүйені ұлғайту жоспарланбаған. 
  • Сарысу ауданында 99 (45 камера Жаңатас қ.) камера, коммуникациялық байланыс - радиоқатынау орнатылған. Ағымдағы жылы 9 камера орнату жоспарланған. 
  • Талас ауданында 16 камера Қаратау қаласында орнатылған, басқару пункті аудандық полиция бөлімінде интеграцияланған және коммуникациялық байланыс – радиоқатынау бар. Ағымдағы жылы 39 камера орнату жоспарланған.
  • Байзақ ауданында 84 камера (38 камера Сарыкемер ауылында, 46 камера 17 ауылдық округтерде) орнатылған және 4 монитордан тұратын бейне қабырға, коммуникациялық байланыс – радиоқатынау бар. 37 камера полиция бөлімшелерімен интеграцияланған. Ағымдағы жылы 6 камера орнату жоспарланған.
  • Жамбыл ауданында 51 камера (4 камера Аса ауылында, 47 камера 16 елді мекенде) полиция бөлімшелерімен интеграцияланып орнатылған. Ағымдағы жылы 17 камера орнату жоспарланған.
  • Жуалы ауданында 42 камера (18 камера аудан орталығы Б. Момышұлы ауылында, 24 камера 10 ауылдық округта) орнатылған. Ағымдағы жылы бейне жүйені ұлғайту жоспарланбаған.
  • Т. Рысқұлов ауданында 24 камера (18 камера аудан орталығында) орнатылған. Барлық бейнекамералар аудандық полиция бөліміне шығарылған.
  • Мойынқұм ауданында 25 камера, оның 10 полиция кезекші бөліміне интеграцияланып (15 камера аудан орталығында) орнатылған. Ағымдағы жылы 2 камера орнату жоспарланған.

Сонымен қарат "Smart City" жобасы коммуналдық қызметтерді кешенді есепке алу жүйесін автоматтандыру, экологиялық мониторинг жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар объектілер мен мемлекеттік мекемелерді бейнебақылау жүйесімен қамту жөніндегі көптеген ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Smart City" жобасы аясында қала бойынша "SOS" дабыл түймелері арнайы құрылғылары орнатылған . 

Аталған құрылғы заңсыз әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда полициямен байланысуға болатын арнайы құрылғылар. Сондай-ақ, бұл түймені қалада жүріп-тұру жағдайда пайдалануға болады. Айталық, сіз көшелерді нашар білесіз, адасып қалдыңыз - мұндай жағдайларда көмек алу үшін қызметкерлерге "SOS"дабыл түймесін басу арқылы жүгінуге болады. Азаматтардың сауалдары жедел әрекет ету орталығына келіп түседі, содан кейін полиция қызметкерлері оларды пысықтайды.

Бүгінгі таңда қала бойынша 10 дабыл түймесі орнатылған. Атап айтқанда: 

  1. «Президент саябағы» Төле би к. 
  2. Төле би және Желтоқсан көшелерінің қиылысы.
  3. Абай көшесі «Тарго» дүкенінің алды.
  4. Сулейманов көшесі «Жастар алеясы»
  5. Абай көшесі «Орталық саябақ» - тәртіпсіздік кезінде бүлінген 05.01.2022 ж. 
  6. Төле би көшесі "Арбат-2" ДосНар сауда кешенінің жанында.
  7. «Сорокин – Өтеген батыр көшелерінің қиылысы» Сахзавод.
  8. Жамбыл даңғылы «ПедИнститут».
  9. Жамбыл даңғылы «Автовокзал». 
  10. Теміржол вокзалы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -