Тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралды
Жақында онлайн режимінде, Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өткізілді.
Әдеп кеңесінде қаралған алғашқы мәселе сот органының заңдылықты бұзушылықты болдырмау жөніндегі жекеше қаулы незінде Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты тәртіптік іс, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс-құжаттарын қарап, бірауыздан лауазымды тұлға тарапынан мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол берілмеген деп тапты.
Мұндай шешімнің қабылдануына тәртіптік жауапкершілігі қаралған тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс жүргізбегені, сәйкесінше әкімшілік хаттама толтыру процессуалды сипаттағы құжат болып танылатындықтан оның тарапынан кінәлі жеке тұлғаларға қосымша жауапкершіліктен құтылатындай артықшылықтар көрсетпегені және шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге моратория болуына байланысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының қызметіндегі көптеген функциялар шектелгені негізге алынды.
Дегенмен, лауазымды тұлға құзырлы органның басшысы ретінде талқыланып отырған мәселені жан-жақты шешуде тиісті шаралар қабылдамай, өзінің лауазымдық-функционалдық міндеттемелерін тиісті деңгейде атқармай, қарамағындағы қызметшілердің қызметіне бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізбей, соның салдарынан жекеше қаулының туындауына себеп болған деген шешімге келді.
Сондықтан, Басқармамен сотқа жолданатын әкімшілік іс құжаттарының сапалы рәсімделуіне және жекеше қаулыдан туындайтын басқа да мәселелерге басшылық тарапынан бақылауды күшейту, түсіндіру жүргізу, кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауаптылығын қарау сияқты жұмыстарды жүргізуді ұсынды.
Сондай-ақ, Кеңес мүшелері қазіргі таңда өңірімізде салынып жатқан құрылыс жұмыстарына қоғам тарапынан наразылықтар туындап отырғандығындықтан құрылыстың сапасына, қауіпсіздігіне, санитарлық жағдайына аса мән беру қажеттігі тапсырылды.
Тәртіптік теріс қылыққа жол бергендер азайды
Жуырда онлайн режимінде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өткізіліп, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен Маңғыстау облысындағы жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің тәртіптік комиссияларының 2022 жылдың І жартыжылдығындағы жұмысына жүргізілген талдау нәтижесі қаралды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде көрінгендей, есептік кезеңде 197 (2021 жылғы көрсеткіш – 311) мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Бұл өткен жылдың осы есептік кезеңімен салыстырғанда тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілер саны 114 адамға немесе 36,7% азайған.
Дегенмен, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тасталғандар саны артқаны байқалады. Атап айтқанда, есептік кезеңде мерзімдерінен бұрын 59 тәртіптік жаза алынғаны анықталды. Бұл өткен жылдың осы есептік кезеңімен салыстырғанда 29 адамға артқаны белгілі.
Осы орайда, айта кететін жәйт тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау қолданыстағы заңнамаларға қайшы болып табылмайды. Дегенмен, мекеме басшылары тарапынан тәртіптік жазаның қызметкерге атқарып отырған қызметтік міндеттерін, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілігін арттыру бағытында қолданылатындығы көп жағдайда ескерілмей жатады. Сондықтан, бұл жағдайда мемлекеттік қызметшілер жауаптылықты сезінбей, қайта теріс қылық жасауына алып келуі мүмкін екендігі мәлім.
Осының негізінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жүргізген талдау қорытындысында баяндалған мәселелерді жан-жақты зерделей келе, қызметшілердің жауаптылығын арттыру, жұмыс сапасын жоғарылату мақсатында негізсіз тәртіптік жазаны мерзімінен алып тастау үрдісін азайтуды ұсынды.
Сонымен бірге, мемлекеттік мекеме басшыларына тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды, мемлекеттік органдарда тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу және тәртіптік комиссияның жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар беру жөнінде шешім қабылдады.
Әдептілікті сақтау басты назарда
Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған келесі мәселе Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Р.Шалбаевтың 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеу, бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкіл қызметі мен атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есебі тыңдалған болатын.
Әдеп жөніндегі уәкілдің есебінде бірқатар жұмыстар атқарылғандығы баяндалған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жалпы саны 48 жеке консультативті көмек көрсетілгені, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізілгені, оған 110 қызметші қатысқандығы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша БАҚ-да жағымсыз дерек анықталмағаны атап өтілді.
Сонымен бірге, Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 5 - дәріс семинар түрінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Ауыл, ауылдық округтерге 16 рет шығу іске асырылған.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әдеп жөніндегі уәкілі Р.Шалбаевтың есебін назарға ала отырып, профилактикалық бағытта жүйелі жұмыстарды жандандыру және БАҚ-мен байланыс орнату арқылы әдеп нормаларының талаптарын кеңінен насихаттау қажеттігін тапсырды.
Соның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдарында атқарылған жұмыстары туралы кеңінен мақалалар жариялау, қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру бойынша теле-радио бағдарламаларға немесе сюжетке қатысу және интернет-ресурстарындағы мақалалар жариялап отыруды ұсынды.
Бұған қоса, құзырлы органдармен бірлесе отырып, жергілікті атқарушы органдар қызметшілерінің қоғам алдында оң имиджін қалыптастыру бағытында өз саласының білікті әрі кәсіби мамандарын, қызметтерін, жеткен жетістіктерін әрдайым насихаттап отыру туралы шешім етті.
Профилактикалық шаралар кемшіліктің алдын алады
Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін атқару барысында жүйелі түрде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарын тиісті деңгейде орындамаған мемлекеттік мекеме басшыларын тыңдауды жоспарлаған болатын.
Бұл жолы жоғарыда аталып өткен мәселелердің орындалысы бойынша Маңғыстау облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшылығының есебі тыңдалды.
Есепте көрсетілгендей, Департамент құрылымында 5 бөлім қарастырылған. Департамент қызметкерлерінің штат саны 27 бірлікті құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 25 бірлік және штаттан тыс 2 бірлік. Сертификатталған мемлекеттік аудиторлардың саны 13 бірлікті, ассистент – мемлекеттік аудиторлардың саны – 5 бірлікті, сондай-ақ қосалқы блоктың саны-3 бірлікті құрайды.
2021 жылы Департаментте бос лауазымдарға орналасуға 5 конкурс өткізілген. Өткен жылы 6 лауазымды тұлға жұмыстан шығарылған, оның 3-уі өз еркімен және 3-уі басқа лауазымдарға ішкі ауысуына байланысты. Жыл басынан 5 мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан шығарылған.
2021 жылы барлығы 10 маманға тәртіптік жаза (1 ескерту, 7 сөгіс, 2 қатаң сөгіс) қолданылған. 2022 жылдың жартыжылдығында 7 маманға тәртіптік жаза (2 сөгіс және 5 лауазымға сәйкес еместігі туралые скерту) қолданылғаны атап өтілді.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Департамент басшысы Ш.Күренбектегінің баяндамасын тыңдап, жинақталған ақпараттарды зерделей келе, 2 қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны ескеріліп, Департамент қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары екендігін ескере отырып, олардың қызметіне жүйелі түрде ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтап отыру қажет деп тапты. Бұған қоса, Департаментте тәртіптік теріс қылыққа жол беріп, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны артып отырғаны кеңес мүшелерінің назарынан тыс қалмады.
Осының негізінде Кеңес мүшелері осы деректерден туындайтын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық көріністерін жою, болдырмау мақсатында Департамент қызметшілеріне құзырлы органдардың өкілдерін және Әдеп жөніндегі уәкілін қатыстыра отырып, заң талаптарын түсіндіру бойынша семинар, кеңестерді жүйелі түрде жүргізу, тәртіптік теріс қылықтардың орын алу себептеріне талдау жүргізіп, сол арқылы тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар санын азайтуды ұсынды
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызметшілердің жұмыс жасау және басқа жұмыстарға тарту деректерін болдырмау, олардың құқықтарын қорғау бағытында қажетті шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау күшейтілуде
Әдеп жөніндегі кеңестің күн тәртібіне сәйкес ағымдағы 6 айында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жай-күйі, олардың сапасын арттыру бағытында атқарылған шаралар туралы нәтижесі туралы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы А.Сарсенбаеваның есебі тыңдалды.
Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдармен 2022 жылы 85 объектіге бақылау шараларын жүргізу жоспарланған болса, 2022 жылдың 6 айында 43 объектіге бақылау шарасы жүргізілген (2021ж. 6 айында - 48).
Анықталған бұзушылықтар саны – 981 (2021ж. 6 айында - 326), бұзушылықтарды жою және жұмысты жандандыру жөнінде берілген ұсыныстар – 229 (2021ж. 6 айында - 263), бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты қабылданған тәртіптік жазалар – 18 (2021ж. 6 айында - 24).
Анықтама үшін: Бұзушылықтарды жою және жұмысты жандандыру жөнінде берілген 229 ұсыныстардың 211-і мерзімінде орындалды, 18-і орындалу сатысында.
Бұзушылықтардың ең көп саны Ақтау қаласы (514), Бейнеу ауданы (261), Қарақия ауданы (43) әкімдіктерінің, сондай-ақ білім (58), денсаулық сақтау (58) басқармаларының объектілерінде анықталған.
Өз кезегінде Кеңес мүшелері баяндалған мәселердің маңыздылығына тоқталып, кемшіліктерді алдағы уақытта қайталап болдырмау мақсатында келесі есептік кезеңге дейін жауапты мамандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңының және осы Заңның орындалысын жүзеге асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілері талаптарын кешенді түсіндіру мақсатында аумақтық департаменттің қызметкерлерін қатыстыра отырып, семинар-кеңестер, интернет-конференциялар, дөңгелек үстелдер және т.б. шараларды (қыркүйек-желтоқсан айлары ішінде) ұйымдастыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарында жасалған және алдағы уақытта атқаратын қызметтері туралы ақпараттарды (республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы интервьюлер, мақалалар жариялап отыру бойынша ұсыныстар енгізіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету барысында кемшілікке жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту барысында тек орындаушы қызметкерлерді емес, басшылық құрамдағы қызметшілердің де тәртіптік шарасын алуды тәжірибеге айналдыруды және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге талдау жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қарқынды жүргізілуде
Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін атқару барысында жүйелі түрде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарын тиісті деңгейде мониторингтеу, бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме басшыларын тыңдап отырады.
Бұл жолы аталып өткен мәселелердің орындалысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның (әрі қарай – Корпорация) қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы тыңдалды.
Жүргізілген талдау нәтижелерінде Корпорация қызметінің тиімділігі, Корпорацияның құрылымы, персоналды басқарудағы тәуекелдері, жер учаскелерін беру, Корпорацияның жер қойнауын пайдалануға қатысуы, тұрақтандыру қорының тиімділігі, жеңілдікті кредит алу кезіндегі тәуекелдер, жоспарланбаған тауарларды сатып алу, ұнды сатып алу кезіндегі қауіптер, көптеген жобалар соның ішінде «Ақтау қаласының автобус паркін жаңарту» жобасы, «Полимерлік қаптаманы шығару» жобасы, «Аруана» жобасы, «Балық цехы» мен «диірмен комбинаты» жобасы, «Аққу» тұрғын үй құрылысы» жобасы, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кеңінен баяндалды.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдерінің Корпорацияның қызметі тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған, бақылау функциясының жалпы жағдайын қанағаттанарлықсыз деп бағалауға болады деген баяндамасын, құрылтайшы Маңғыстау облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары Т.Нсанбаеваның және Корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Л.Алиеваның атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдай келе бірауыздан талдау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта жол бермеу жөнінде Басқарма басшылығының атына бірқатар ұсынымдар жолдау туралы шешім қабылдады.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық көріністерін жою, болдырмау мақсатында мемлекеттік органдардің қызметшілеріне құзырлы органдардың өкілдерін қатыстыра отырып, заң талаптарын түсіндіру бойынша семинар, кеңестерді жүйелі түрде жүргізу, тәртіптік теріс қылықтардың орын алу себептеріне талдау жүргізіп отыруды және қызметшілердің жауаптылығын арттыру, жұмыс сапасын жоғарылату мақсатында негізсіз тәртіптік жазаны мерзімінен алып тастау үрдісін азайтуды ұсынды.