Сарапшылар қалдықтарды басқарудың үздік тәжірибелерін талқылады

10010

Атырау қаласында «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының ұйымдастыруымен өндірістік және тұтыну қалдықтарын басқарудың халықаралық тәжірибелерін талқылауға арналған форумы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Экология министрлігінің атынан Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры М.Ошурбаев қатысып, баяндама жасады.

Өз сөзінде ол «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатын іске асыру негізінде қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған қалдықтарды басқару бөлігіндегі жаңа Экологиялық кодекстің негізгі нормалары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Экокодексте «қалдықтарды жинақтау» ұғымы қарастырғанын атап өткен жөн, бұл арнайы белгіленген жерлерде қалдықтарды уақытша сақтау дегенді білдіреді. Қалдықтарды жинауға тек қалдықтарды құрған адамға ғана емес, қалдықтарды жинауды, қалпына келтіруді немесе жоюды жүзеге асыратын адамдарға да рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, қалдықтардың максималды жинақталу мерзімі белгіленді: пайда болған жерде 6 ай, жиналған жерде 3 ай және жойылған немесе қалпына келтірілген жерде 6 ай.

Сонымен қатар, спикер Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасында қалдықтарды басқару секторындағы негізгі көрсеткіштер бар екенін атап өтті: халықты қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен қамту бойынша көрсеткіштер 2030 жылға қарай 100%-ға дейін, қалдықтарды санитарлық сақтау бойынша көрсеткіштер 2030 жылға қарай 95%-ға дейін және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша көрсеткіштер 2050 жылға қарай 50%-ға дейін белгіленді.

«Бүгінгі форум мемлекет, бизнес, үкіметтік емес сектор арасындағы осы және басқа да өзекті сын-қатерлер мен міндеттерді талқылау үшін маңызды алаң болып табылады. Форумға әр түрлі елдерден келген мүдделі тараптар өкілдерінің қатысуы қандай да бір мәселелерді әр түрлі көзқарастардан қарауға және проблемаларды шешудің оңтайлы нұсқаларын және ынтымақтастық үшін өзекті бағыттарды табуға мүмкіндік береді» М.Ошурбаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -