Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себебінен ШҚО-да 800 тоннадан астам шөп жанып кетті

13475

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 41-ші өрттің салдарынан 800 тоннадан астам шөп өртенді. Өрт сөндірушілер ірі жем-шөп жиналатын ашық аумақта да, шабындықтар аумағында да өртті сөндіруде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Соңғы өрттердің бірі өткен түнде болды. Катон-Қарағай ауданы, Алтынбел ауылы, Желтоқсан көшесіндегі жеке тұрғын үй ауласында 29 тонна шөп өртенді. Құтқарушылар өртті жедел сөндірді.      

Шабындықтарда өрттердің туындауының негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып табылады. Құтқарушылар атап өткендей, шөп өте қарқынды жанып жатыр, от малдарға тез таралады және оларды бір сәтте жояды.   

«Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен, саяжай алаптарының тұрғындарымен тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізіледі, үгіт-насихат материалдары таратылады», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

ШҚО ТЖД келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады:

- Кебендерді орналастыруға арналған алаңдарды периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жырту қажет.

- Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.   

- Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал престелген шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс.

- Жеке қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы қашықтық кемінде 20 метр болуы тиіс.

- Ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстар мен орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта, бөлінген белдеулер мен темір жолдардың күзет аймақтарынан, автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеулерінен және әуе электр беру желілерінің күзет аймақтарынан тыс жерлерде орналастырылады.

- Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -