Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан ШҚО-да 800 аса тонна жем-шөп жанып кетті

12419

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері  орын алған  өрттің нәтижесінде 800 аса тонна шөп өртенді. Өрт сөндірушілер  өртті  ірі шем-шөп сақталатаны ашық алаңда ғана емес, сонымен қатар пішен сарайдың алаңында да жояды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Соңғы өрттің бірі Зайсан ауданында орын алды. Өрт сөндірушілер Қаратал ауылындағы жалынды ауыздықтады. Жалын 3 тонна жем-шөпті  және тіркеменің жанатын детальдарын шарпыды. Өрт сөндірушелер 25 ш.м. алаңдағы өртті жойды.

Жем-шөп сақталатын орындарда өрттің шығуының басты себептерінің бірі отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып табылады.

"Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары және жұмыскерлері, саяжай алаптарының тұрғындары тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізеді, үгіт - насихат материалдарын таратады" ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин

ШҚО ТЖД келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін ұсынады:

- Кебендерді орналастыруға арналған алаңдарды периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жырту қажет.

- Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.   

- Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал престелген шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс.

- Жеке қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы қашықтық кемінде 20 метр болуы тиіс.

- Ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстар мен орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта, бөлінген белдеулер мен темір жолдардың күзет аймақтарынан, автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеулерінен және әуе электр беру желілерінің күзет аймақтарынан тыс жерлерде орналастырылады.

- Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -