Қарағанды облысында қарттар күніне орай 58 мыңнан астам адам біржолғы көмек алады

692
Фотосурет: АР

Қарағанды облысында Халықаралық қарттар күніне орай біржолғы материалдық төлемдерді 58,6 мың адам алады. Сондай-ақ қайырымдылық акциялары мен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Өңір тұрғындарына біржолғы көмек көрсетуге 460 миллион теңге бөлінді, оның 45 миллионға жуығы — бюджеттен тыс қаражат.

Қоғамдық ұйымдар мен қорлар аймақтың қарт тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын өткізеді. Мерекелік іс-шаралар да жоспарланған. Қалалар мен аудандарда бұқаралық серуендер, жарыстар, байқаулар мен түскі астар ұйымдастырылады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттері, киім түрінде көмек көрсетіледі. Жеке сектор тұрғындарына алдағы жылыту маусымына қарай көмір мен отын сатып алуға көмек көрсетіледі.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -