Елімізде әлеуметтік көмірді банктік мобильді қосымша арқылы сату тетігі іске қосылуда

884
Фотосурет: pixabay

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, әлеуметтік көмірді бірқатар қаржы және сауда ұйымдарының мобильдік қосымшалары арқылы сатуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осылайша бүгін Halyk Bank-пен бірлесіп, пилоттық режимде Halyk Market-те «Каз Интер Көмір» ЖШС-нің қатты отынын сату іске қосылды. Бұл кәсіпорын Қостанай облысының 10 ауданын көмірмен қамтып отырған өңірлік оператор болып табылады.

Мобильді қосымша арқылы сату нүктесін, көмірдің қажетті маркасын және көлемін таңдау мүмкіндігі бар. Сонымен бірге онлайн төлем жасап, тауарды 3 айдан 6 айға дейін бөліп төлеуге болады.

Аталған заманауи шешім қатты отынды тікелей және кезексіз сатып алуға, сондай-ақ халықтың жылыту маусымына дайындығын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Тиісті жұмыстар басқа да өңірлерде жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта аталған платформаға Алматы қаласындағы көмір операторы да қосылуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -