Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

1216

Алматы облысы әкімінің өкіміммен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлы 1980 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 2001 жылы «Экология және табиғат пайдалану» және 2008 жылы «Қаржы» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қайнар» ААҚ моноблок құю цехінің қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген. Әр жылдарда «Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -