Сенаторлар Жаһандық жасыл өсу институтының білім қорына қол жеткізуге мүмкіндік беретін заң жобасын талқылады

900

Сенатор Әли Бектаевтың төрағалық етуімен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Заң жобасының негізгі мақсаты экономикалық өсудің жаңа үлгісін әзірлеу және таратуды көздейтін жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы Келісімге елімізді қосу болып табылады.

Келісім жаһандық жасыл өсу институтын заңды тұлға және құқықтық қабілеті бар халықаралық ұйым ретінде құру кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

Осы Келісімді ратификациялау қандай да бір міндеттемелерді қабылдамайды және техникалық көмек тарту мүмкіндігімен институттың сараптамалық әлеуеті мен жинақталған білім базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -