Қазақстандық такси жүргізушілері нені білуі маңызды

1056
Фотосурет: СР

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей такси ретінде қызмет ететін фактілер анықталған жағдайда жеке көліктерді конфискацияланып жатқаны туралы ақпарат қайта-қайта пайда болуда, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл мәлімет шындыққа жатпайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарымен соттың шешімі болған жағдайда меншіктен айыру мүмкіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ешкім өз мүлкінен айырылуы мүмкін емес, тек сот шешімі бойынша.

Қазіргі таңда заңсыз такси ретінде жұмыс істегені үшін көлік құралдарын конфискацияланғаны туралы бірде бір дерек жоқ.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін он бес АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

Жеке кәсіпкерлікті электронды үкімет порталы арқылы (е-лицензирование) немесе «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы, Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшалары арқылы тіркеуге болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -