Қарағандыда жас педагогтарға арналған зертхана құрылды

9383

Қарағандыда JAŃASHYL USTAZ жас педагогтарына арналған зертхана ашылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ол Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының базасында құрылды. Жас мамандарға жаңа идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі.

- Зертхананың ашылуы жас педагогтар үшін жақсы іргетас және тамаша бастама болады. Жобаның мақсаты – кәсіби шеберлікті арттыру, тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды іске асыру, - деді облыстың білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова жаңа құрылымның ашылуында.

Сондай-ақ, облыстың жас педагогтары үшін телеграм-арнасы іске қосылды, бұл оларға білім беру саласындағы оқиғалар, жаңа әдістер мен трендтер туралы хабардар болуға көмектеседі. Онда сұрақтар қойып, оларға жауаптар ала алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -