Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

769

Алматы облысы әкімінің өкімімен Сапар Сейілханұлы Нұрашев Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сапар Сейілханұлы 1975 жылы туған, білімі жоғары. 2001 жылы Алматы технологиялық университетін «Тамақ өнеркәсіп саласының экономикасы мен менеджменті» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2017 жылы Алматы технологиялық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Темір агроөнеркәсіп фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып бастаған.
Әр жылдары «БН Азия Альянс», «Асыл құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің директорлары, Алмалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, басшысы, Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың сәуірінен Алмалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында.
Үйленген, 4 баласы бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -