Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта "Жас сарбаз" шығармашылық студиясына балаларды қабылдау жүріп жатыр

640

Аталған студияға Қарулы күштер әскери қызметшілерінің балалары ғана емес, сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұланның балалары да қабылданатын болады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов еліміздің барлық күштік құрылымдары қызметкерлерінің балаларына арналған шығармашылық студияның жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

"Жас сарбаз" студиясында сабақтар вокал, хореография, домбыра және актерлік шеберлік бағыттарында өткізілетін болады. Қазірдің өзінде 120-дан астам бала сабаққа кірісіп кетті.

 – Рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбиеде мәдениет пен өнердің маңызы зор. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың мүмкіндіктерін ескере отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын балалардың талантын ашатын үйірмелер ұйымдастырудамыз, – деген "Жас сарбаз" шығармашылық студиясының жетекшісі 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова үйірменің міндеттерін түсіндіріп өтті.

Үйірмелерге қатысу тегін. Оқытушылар құрамы арасында еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, педагогикалық білімі бар және балалармен жұмыс тәжірибесі мол мамандар бар.

Ата-аналардың назарына: шығармашылық студияға қабылдау жыл соңына дейін жүреді. Қатысамын деушілер Астана қаласы Республика даңғылы, 2-үйде орналасқан Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына келуіне болады.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -