ТЖМ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің нәтижелері туралы тыңдауы өтті

933

Министр Юрий Ильиннің төрағалығымен ТЖМ-де ТЖМ квазимемлекеттік секторы субъектілерінің 2021 жылғы қызмет нәтижелері туралы тыңдауы өтті. Оның жұмысына вице-министрлер, ТЖМ аппаратының басшысы, орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ведомстволардың төрағалары, квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қатысушылар 2021 жылғы қызмет нәтижелерінің қорытындыларын, жоспарланған және нақты қол жеткізілген қызметтің негізгі көрсеткіштерін, оларға қол жеткізбеу себептерін, дивидендтерді, қатысу үлесіне кірістерді, бюджетке аударылуға жататын таза кірістің бір бөлігін, персоналдың сандық құрамы мен еңбекақы төлеу қорын, ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ проблемалық мәселелерді талқылады.

Тыңдау қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Ю. В. Ильин квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар, ұйымдардың ағымдағы жылға арналған даму жоспарларын іске асыру бойынша ұсыныстар берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -